II Елизаветамен қоштасқысы келетіндердің кезегі 16 шақырымға созылды

Лондонда 8 қыркүйекте қайтыс болған патшайым II Елизаветамен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Түнде жерлеу рәсімінің дайындығы өткізіледі.

Алматы. NEGE. Патшайыммен қоштасқысы келгендер Вестминстер сарайының маңайында бірнеше шақырымдық кезекке тұрды. 

Тіпті адамдар бір күннен артық кезек күтіп жатыр. Болжам бойынша, Патшайыммен қоштасқысы келетіндердің кезегі 16 шақырымға созылуы мүмкін, ал адамдар Вестминстер Холлға жету үшін 30 сағат бойы өз кезегін күтуге мәжбүр болады. II Елизаветамен қоштасқысы келетін әрбір тұрғынға сарайдың есігі ашық. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті