Игілікте тұрғын үй кешені салынуда

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы Игілік тұрғын алабында «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі жеке инвестор есебінен салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді.

Шымкент, NEGE. Тұрғын үй кешені жеке инвестор «Берен» (БАТСУ) ЖШС есебінен салынуда. Жоба құны – 3 млрд теңге. 5 қабатты 4 тұрғын үйдің жалпы алаңы – 12 мың шаршы метр.

Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың 3 тоқсанында басталды. Жеке инвесторлар құрылысты 2022 жылдың 2 тоқсанында аяқтауды жоспарлауда. Бас мердігер «СК Стройиндустрия» ЖШС алты айда баспана кілтін тұрғындарға табыс етпек.

Қала әкімі нысандардың сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін жіті қадағалауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ