Йеменде «Аль-Каида» басшыларының бірі өлтірілді

АҚШ-тың арнайы жасағы Йемен Араб Республикасында «Аль-Каида» террорлық ұйымының Араб түбегіндегі жетекшісі Қасым аль-Римидің көзін жойды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. «АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен Йемендегі террорға қарсы операция барысында «Аль-Каиданың» Араб түбегіндегі бөлімінің негізін қалаған Қасым аль-Рими өлтірілді. Онымен бірге оның орынбасары Айман аз-Завахири де қаза тапты», - делінген баспасөз хабарламасында.

Аль-Рими «Аль-Каида» қатарына 1990-шы жылдары қосылған және Усама бин Ладенмен бірге Ауғанстанда соғысқан.

АҚШ билігі Аль-Римиді Йеменде террор құрды, бейбіт тұрғындарды азаптады, америкалық әскерилерге шабуыл жасады деп айыптаған.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін