IBM басшылығы жасы 40-тан асқан "динозаврларды" жұмыстан шығарып жіберген

АҚШ-тың IBM компаниясының топ-менеджерлері өзара хат алмасу кезінде жасы 40-тан асқан қызметкерлерді "өзара әрекеттесу туралы түк білмейтін динозаврлар" деп атап, оларды 2018 жылы жұмыстан шығарып жібергені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz

.

Алматы. NEGE. Business Insider басылымына сілтеме жасап. Сол уақыттан бері IBM-ге қарсы сот ісі жалғасып келеді. 3 жыл бұрын қызметінен айырылған мыңдаған қызметкер сотқа шақымданды. Топ-менеджерлердің хат алмасуы түсірілген скриншоттар "компания эйджизмге жол берді" деген айыптау айғағы ретінде қолданылып жатыр.  

"Бұл жағдайды өзгерту керек. Олар қарым-қатынас және өзара әрекеттесуді түк түсінбейді. Олар цифрлық  буын емес, олар біз үшін нағыз қауіп", – деп жазылған скриншоттардың бірінде.

Компания осылайша миллениалдарды жұмысқа алып, даму процесін жеделдетпек болған көрінеді. IBM-ның баспасөз хатшысы Крис Мумма бұл айыптауды жоққа шығарды. Ол қызметкерлер жасына емес, бизнес жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыстан шығарылғанын мәлім етті.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр