Hyundai-дің АҚШ-тағы мәселесі Қазақстандағы көліктерге әсер етпейді

Hyundai Motor АҚШ-та 421 мың көлікті кері қайтармақ. Себебі кейбір көліктердің бағдарламалық жүйесінде ақау анықталған. Соның салдарынан көлік жүргізушінің әрекетінсіз өздігінен тежелуі мүмкін.

car and drive

Астана, NEGE. Бұл сервис науқаны 2025 және 2026 жылдары шығарылған Santa Cruz пикаптары мен Tucson, Tucson Hybrid, Tucson Plug-In Hybrid Electric кроссоверлеріне қатысты.

NEGE тілшісі Astana Motors компаниясынан «Бұл жағдай Қазақстандағы Hyundai көліктеріне де қатысты ма?» – деп сұрады.

Компанияның өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл науқан тек АҚШ нарығына арналған көліктерге қатысты. 

«АҚШ-та жарияланған кері қайтару науқаны Қазақстанда ресми дилерлер арқылы сатылған автокөліктерге қатысты емес», – деп жауап берді баспасөз қызметі.

Олардың айтуынша, Қазақстанға жеткізілетін Hyundai модельдерінің комплектациясы мен техникалық сипаттамалары Америкада сатылатын көліктерден өзгеше.

Қазір оқып жатыр

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Ақтауда депутат пластикалық отадан кейін қайтыс болды

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа төрт жыл шартты жаза тағайындауды сұрады

«Дөңгелек ұшып кетердей»: қарағандылықтар жолдағы терең шұңқырларға шағымдануда