«Хуторские» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың соты өтетін күн белгіленді

«Хуторские» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың соты 20 тамызға белгіленді. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Аудандық соттың хабарлауынша, Іс Талғар аудандық сотында қаралады. 

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғарда 16 жастағы Шерзат Полатты аяусыз өлтіріп кеткеннен кейін атала бастады. Ол «Хуторские» бандасының басшысы делінген еді.

Кейіннен Алматы облысының полиция департаменті 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаевтың уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Белгілі болғандай, ол Шерзат Полаттың өліміне қатысты ұсталмаған. 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген. Қылмыс 2021 жылдың 17 маусымында жасалғаны анықталды.

Жәбірленуші Арман Әлімовтің анасы Elmedia порталына берген сұхбатында ұлына Хасанның бұйрығымен шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыс орнында Хасан Қасымбаевтың өзі болған.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтың екінші жұбайы жұмыс істейтін «Астана Балет» театры шығынға батқан

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді