«Хуторские» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды

Алматы облыстық полиция департаменті Хасан Касымбаев пен өзге де күдіктілерге қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді аяқтады.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. БАҚ-та «Хуторские» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың ісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігі (адам ұрлау), 106-бабы 2-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 194-бабы 2-бөлігі (қорқытып алу) бойынша тергелді.

2025 жылдың 21 шілдесінде айыптау қорытындысымен қоса тіркелген іс материалдары қадағалаушы органға жолданған. Алматы облыстық прокуратурасы оларды зерделеп, іс сотқа жіберілді.

Хасан Касымбаев қазіргі таңда ҚР ІІМ ҚАЖК №72 мекемесінде қамауда отыр.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтың екінші жұбайы жұмыс істейтін «Астана Балет» театры шығынға батқан

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді