Хромтау тұрғыны заңсыз балық аулаған

Хромтау тұрғыны үш қап балықты заңсыз аулаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Қарабұтақ – Қостанай автожолында Нива автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру кезінде полиция қызметкерлері балық аулайтын торлар, үрлемелі қайық және үш қап балықты тәркіледі.

48 жастағы көлік жүргізушісі су қоймаларының бірінде тор құрып, балық аулағанын түсіндірді. Заңсыз балық аулау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, елде синтетикалық, нейлон жіптерінен жасалған торларды қолдана отырып балық аулауға тыйым салынады. Уылдырылық шашу кезеңінде шоғырланған жерлерде және көші-қон жолдарында балық аулауға тыйым салынады.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ