Храпунов: Женевада мені ұрлап әкетпек болды

Алматының бұрынғы әкімі – Қазақстанда 17 жылға сотталған Виктор Храпунов батыстың басылымдары арқылы «мені ұрлап әкетпекші болды» деп тағы байбалам салды.

Алматы, NEGE. Tribun de Geneve газетіне сұхбат берген Храпунов былай дейді: «Жеті жыл – көп уақыт. Швейцарияда сот арқылы басып-жаншымақ болған әрекет есіңе түскенде қалай күйзелмейсің? Апта бойы тергеулер, тіпті Женеваның өзінде толып жүрген режим агенттері... Қазақстан биліктің барлық тетіктерін қосып, тіпті швейцариялық аңғау депутат Криста Марквальдерді іске араластырды. Жылдар бойы Қазақстанға экстрадиция жасай ма деген үреймен өмір сүру оғай емес. Режимнің жақтаушылары мені Женевадан ұрлап әкетпек болды».

Сөзіне қарағанда, Храпунов Швейцария билігіне өкпелемейді екен. Ол «күндердің-күнінде елге оралатынына» сенімді.  

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін