Экс-президент қайтыс болды

Мысырдың экс-президенті Хосни Мүбарак 91 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды Риа Новости.

Алматы, NEGE. «Бұрынғы президент Мұхаммед Хосни Мүбарак қайтыс болды», –  деп хабарлады мемлекеттік арна. Еl-Watan газеті президенттің ұзақ уақыт бойы ауырғанын айтады. Қаңтар айының соңында экс-президенттің асқазанындағы ісікті алып тастаған екен.