Хорватияда қазақстандық дзюдошылар 6 медаль жеңіп алды

Хорватияда өткен жасөспірімдер арасында Еуропа кубогында қазақстандық дзюдошылар 6 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Еліміздің спортшылары Хорватияның Загреб қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогында 6 медаль алды. Оның ішінде 2 алтын, 1 күміс және 3 қола. Жалпы медаль есебі бойынша Қазақстан құрамасы 5-ші орынға ие болды.

Турнирге әлемнің 35 елінен 800-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан қоржынына Ерхан Мұрат пен Сабина Юлдашева алтын медаль салса, күміс жүлдені Оралбек Байзақ алды. Нұрсұлтан Ысқақов, Еділ Ерболұлы және Досбол Балғабай қола медаль иегерлері атанды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды