Хорватия мен Албания тең түсті

Еуропа чемпионатының В-тобында Хорватия мен Албания ойнап, 2:2 есебімен тарқасты. Матчтың 11-минутында Казим Лячи есеп ашып, Албанияны алға шығарған. Ал екінші таймда Хорватия айналдырған екі-үш минуттың ішінде екі гол салып алға шықты 

ғаламтордан

74 минутта Андрей Крамарич есепті теңестірген. Ал 76 минутта албаниялық Клаус Гьясула өз қақпасына автогол салып алып, Хорватия 2:1 есебімен алда келе жатқан.

Бірақ өз қақпасына гол салып алған Клаус Гьясула 90-минутта есепті теңестіріп кетті. Топтық кезеңнің үшінші турында Хорватия Италиямен, Албания Испаниямен ойнайды. Бірінші турда Хорватия Испаниядан (0:3), Албания Италиядан (1:2) жеңілген.

Қазір оқып жатыр

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды