Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер командасы олимпиадаға дайындықты бастады

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер командасы Канвондағы қысқы ойындарға дайындалып жатыр, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 3х3 хоккей турниріне Қазақстанның хоккей құрамасы да қатысады. Өтінімге 16 жасқа дейінгі ойыншылар (2008 ж.т.) кіреді.

Қазақстан құрамасы Польша, Австрия, Тайпей, Латвия, Дания, Испания және Ұлыбритания командаларымен бір топта ойнайды.

Командалар айналымдық жүйемен ойнайды, біріншіден төртіншіге дейінгі орындарды алғандар плей-оффқа шығып, турнир медальдары үшін таласады.

10 қаңтар күні кеңейтілген құрам Рамазан Қайдаровтың жетекшілігімен «Барыс Аренада» біріншілікке дайындалу үшін жиналды.

15 қаңтарда команда Кореяға аттанып, 20 қаңтар күні алғашқы матчын өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады