Хоккейден Қазақстан құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы 2025 жылы өтетін әлем чемпионатындағы екі топ құрамын жариялады, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Келесі жылы әлемдік сынға қатысатын командалар қатарында Қазақстан да бар. Ал дүбірлі доданы Швецияның Стокгольм және Данияның Хернинг қалалары қабылдайды.

Қазақстан құрамасы В тобына түсті: Қазақстан, Дания, Чехия, Германия, Венгрия, Норвегия Швейцария АҚШ. Бұл топтың кездесулері Хернингте (Дания) өтеді.

А тобында мына командалар бақ сынайды: Австрия, Канада, Финляндия, Франция, Латвия, Словакия, Словения, Швеция.

Алдағы үш айда әлем чемпионатының жарыс кестесі хабарланады.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр