Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу турнирінің екінші матчында жеңіске жетті

Шайбалы хоккейден Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. D тобындағы іріктеу турнирі аясындағы екінші матчты Қазақстан құрамасы Австрияға қарсы өткізді.

Өте тартысты ойынның тағдыры соңғы минуттарда шешілді.

Алдымен Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Бреус ойынның 2-минутында есеп ашып, команданы алға шығарды.

Ал 43-минутта австриялық хоккейші Рафаэль Хербургер есепті теңестірді.

Араға он минут салып Тамирлан Гайтамиров Қазақстан құрамасын алға шығарды. Есеп - 2:1.

Қазақстан құрамасы матч соңына дейін осы басымдықты ұстап, топтағы екінші матчта жеңіске жетті.

Қысқы Олимпиада жолдамасын топта жеңімпаз атанған команда ғана иеленеді. Қазақстандықтар шешуші матчта Словакияға қарсы ойнайды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады