14 февраля 2025 г. 13:41

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы – Азия ойындарының чемпионы

Фото: gov.kz

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 4-алтын медаль түсті.

Алматы, NEGE. Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0. 

Шайба авторлары:  Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд) Дмитрий Бреус (21:02) Роман Старченко (37:59) Кирилл Панюков (42:24) Кирилл Панюков (44:23) Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан).

Олег Болякин шәкірттері IX қысқы ойында барлық матчта жеңіске жетті. Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді.

Айта кетейік, ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.