Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың финалында ойнайды

Бүгін Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден біздің ерлер құрамамыз жартылай финалда жарыс қожайыны Қытайды тағы қапы қалдырды. Есеп: 3-1.

gov.kz

Алматы, NEGE. Олег Болякин шәкірттері 2-айналымның аяғында қарсылас қақпасына 2 шайба салды. Қарсылас матчтың аяқталуына 1 минут қалғанда есепті қысқарта алды.

Ал санаулы секундтар қалғанда қытайлық қақпашы қателесіп, шайба өткізіп алды. 

Ертеңгі финалдағы қарсылас Оңтүстік Корея немесе Жапония болмақ. Олар біраздан соң кім мықтыны анықтайды.