Хоккейден әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан Швецияға қарсы ойнайды

Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. В тобында бақ сынайтын Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері әлемнің үздік командаларының бірі - Швецияға қарсы шығады.

Ойын Астана уақытымен 19:20-да басталады.

Айта кетелік, бүгінге дейін Қазақстан командасы топтағы бір ойында ғана жеңіске жетті. Чемпионаттың беташар матчында біздің құрама Франциядан 3:2 есебімен басым түскен болатын.

Кейін Словакияға 2:6, Латвияға 0:2 есебімен жол берді. Турнир кестесінде қазақстандықтар 3 ұпаймен 7-орында келеді.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған