Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі Бейжіңде анықталады

Өткен жылдың желтоқсанында басталып, коронавирусқа байланысты тоқтатылған хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі Бейжің Олимпиадасында анықталады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардиф хабарлады. 

26 желтоқсан күні Канаданың Эдмонтон және Ред-Дир қалаларында басталған әлем чемпионаты коронавирусқа байланысты тоқтатылған еді. Кейін Тардиф біріншіліктің жазда өтуі мүмкін екенін хабарлаған. 

«Біз жарысты жазда өткізуге дайындалып жатырмыз. Уақыты мен өтетін орны Олимпиада кезінде анықталады», - дейді Тардиф. 

Айта кетелік, қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр