Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ: Қазақстан жастары Венгриямен кездеседі

Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты бірінші дивизионында алғашқы ойынын Венгрияға қарсы өткізеді.

Алматы, NEGE. Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Дания, Норвегия, Венгрия, Латвия және Беларусь. Ойындар Данияның Херсхольм қаласында 12-19 желтосқан аралығында өткізіледі. Қазақстанның қатысуымен өтетін ойын кестесі төмендегіше: 12 желтоқсан. 18:00. Венгрия - Қазақстан 13 желтоқсан. 18:00. Қазақстан - Норвегия 16 желтоқсан. 01:00. Қазақстан - Дания 16 желтоқсан. 21:30. Беларусь - Қазақстан 19 желтоқсан. 01:00. Қазақстан - Латвия. Бас бапкер Александра Истомин төмендегі хоккейшілерге сенім білдірді: Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Әмірбеков («Номад»), Максим Павленко, Роман Шефер (екеуі де – «Снежные Барсы»).

Қорғаушылар: Әли Әлібек, Дмитрий Бреус, Хақназар Кеңесбай, Эдуард Шетле, Абылайхан Сүлейменов, Владислав Комаров (барлығы – «Снежные Барсы»), Иван Гавриленко («Торпедо»). Шабуылшылар: Дінмұхамед Қайыржан, Аңсар Шайхмедденов (екеуі – «Барыс»), Станислав Александров («Номад»), Роман Ермак, Әли Қасенов, Дмитрий Колодюк, Всеволод Логвин, Абай Маңғысбаев, Константин Морожников, Алдияр Нұрлан, Руслан Оспанов, Николай Шульга, Даниил Цыбин (барлығы – «Снежные Барсы»).

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр