Хоккейден Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды

Хоккейден Дүниежүзілік Универсиада ойындарындағы қола жүлде үшін өткен кездесуде ұлттық құрама жігіттері Жапониямен кездесіп, 8:1 есебімен жеңіске жетті.

Алматы, NEGE. Универсиада алтынын Канада және АҚШ құрамалары сарапқа салады. 

Финалдық бәсекені «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен Астана уақыты бойынша 03:55-те тамашалай аласыздар.

Дәл қазіргі сәтте ел қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлде бар.