Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытаймен кездеседі

12 сәуірде шайбалы хоккейден әйелдер арасында әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Қытаймен кездеседі.

Алматы, NEGE. Айта кетсек, әлем чемпионатында барлығы алты құрама бақ сынауда. Қазақстандық хоккейшілер Қытай, Польша, Италия, Словения және Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасуда. Қазірге дейін қазақстандық қыздар үш ойын өткізді. Олар Польшадан 1:3, Италиядан 0:1 есебімен жеңілсе, Оңтүстік Кореяны 5:1 есебімен тізе бүктірді. Турнир кестесінде қазақстандық хоккейшілер үш ұпаймен үшінші орында келеді. Дәл осындай ұпайды Италия және Словения құрамалары еншілеген. Көш басындағы Қытайдың тоғыз ұпайы болса, Польшаның еншісінде жеті ұпайы бар. Соңғы орында бір ұпаймен Оңтүстік Корея келеді. Енді Қазақстан қыздары 12 сәуірде Қытаймен, 14 сәуірде Словениямен шеберлік байқасады. Еске салсақ, Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын 17 сәуірде бастайды. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды