Хоккейден ел құрамасы Әлем чемпионатына аттанады

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Латвиямен екінші мәрте жолдастық кездесу өткізді.

Алматы, NEGE. Бұл кездесу әлем чемпионатына дайындық аясында ұйымдастырылды. Ойын барысында қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:5 есебімен жеңіліп қалды.

Еске салсақ, қазақстандық құрама 8 мамырда да Латвияға есе жіберген еді.

Енді қазақстандық хоккейшілер 10 мамырда Финляндия астанасы Хельсинки қаласына аттанады. Онда А тобында Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франциямен ойнайды.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 14 мамырда Данияға қарсы өткізеді.