Хоккейден ӘЧ: Қазақстан қазіргі әлем чемпионын жеңді (видео)

Қазақстан хоккейшілері қазіргі әлем чемпионы Финляндиядан басым түсті.

Алматы, NEGE. Ригадағы кездесуде жерлестеріміз буллит сериясында жеңіске жетті. 34-минутта фин құрамасы сапынан Антон Лунделл есеп ашты. Араға екі жарым минут салып, біздің жігіттер таразы басын теңестірді. Кирилл Панюков кезекті шабуылды әдемі түйіндеді. Қарсыластар негізгі уақыт пен овертаймда жеңімпазды анықтай алған жоқ.

Буллит сериясында Қазақстан хоккейшілері үш мәрте мергендік танытса, Суоми ойыншылары бір шайбамен тоқтады. Қазақстан әлем чемпионатындағы келесі ойынын 25 мамыр күні АҚШ құрамасымен өткізеді. 

Қазір оқып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?