Хоккей: Қазақстан жастары Венгрия құрамасынан басым түсті

Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының алғашқы ойынында Венгриядан басым түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстандық хоккейшілер сәтті ойын көрсетті. Нәтижесінде Абай Маңғысбаев бірінші минутта мергендік танытса, Всеволод Логвин 18-ші минутта есепті үстемелей түсті. Ал екінші кезеңнің 25 минутында Қазақстан құрамасы басымдығын арттыра түсті. Бұдан кейін венгриялық хоккейшілер бір шайбамен жауап қайырды. Осылайша Қазақстан жастары қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Енді еліміздің жастары 13 желтоқсанда Норвегиямен сынға түседі. Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары – Дания, Норвегия, Венгрия, Латвия және Беларусь. Ойындар Данияның Херсхольм қаласында 12-19 желтоқсан аралығында өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр