Хоккей: Қазақстан жастары Норвегияға есе жіберді
Хоккейден жастар құрамасы Норвегиядан жеңіліп қалды.
Алматы, NEGE. Хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан төртінші кездесуінде Норвегияға есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған кездесуде екі құрама арасында топ-дивизионға берілетін жолдама тағдыры шешілді. Алғашқы төрт ойында Норвегия ұпай жоғалтпаса, Қазақстан тоғыз ұпайды еншіледі. Жеңгені топ-дивизионға жолдама алатын еді.
Қазақстан хоккейшілері аталған мақсатына жете алған жоқ. Қарсыласына 3:5 есебімен жол берді. Ел құрамасынан Алдияр Нұрлан (32-минут), Даниил Цыбин (37-минут) және Роман Ермак (56-минутта) мергендік танытты.
Еске салсақ, бұдан бұрын Францияға есе жіберіп, одан кейін Венгрия, Дания, Словения құрамаларын жеңді.