Хоккей: «Барыс» елордада «Адмиралдан» басым түсті

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) клубына қарсы өткізді.

Алматы. NEGE. Екі команда турнир кестесінде қатарлас келеді. «Барыс» 17 ұпаймен 13-орында келе жатса, 16 ұпай жинаған «Адмирал» 17-орынға жайғасқан еді.

Кездесу барысында тартысты ойын өрбіді. Бірінші кезеңнің 9-минутында Егор Шалапов есеп ашса, Әлихан Әсетов 14-минутта басымдықты арттырды. Екінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан жиі бой көрсетті. Десе де таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Ойынның үшінші кезеңінде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау тапты.

Алдымен 48-минутта «Адмирал» хоккейшісі Евгений Лисовец есеп айырмасын қысқартса, одан кейін «Барыс» ойыншысы Энтони Луис 50-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Енді «Барыс» алдағы ойынын 15 қарашада елордада Ресейдің «Амур» (Благовещенск) командасына қарсы өткізеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды