Хоккей: «Барыс» «Динамодан» жеңіліп қалды

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына дайындық мақсатында ресейлік «Динамо» (Мәскеу) командасымен тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізді.

Алматы, NEGE. Бұл кездесуде елордалық клуб сапынан Егор Петухов (15-минут), Никита Михайлис (42-минут) және Аркадий Шестаков (56-минут) соққан үш голға мәсекеулік клуб алты голмен жауап қайырды. Осылайша «Барыс» қарсыласына 3:6 есебімен есе жіберді. Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық клуб 22 ақпанда жолдастық кездесуде «Динамо» (Мәскеу) командасын буллиттен 4:3 есебімен басым түсті. Сондай-ақ, қазақстандық клуб 21 ақпанда ресейлік «Спартак» командасынан 7:2 есебімен тізе бүктірді. «Барыс» құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысының бірінші кезеңінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады. Ойындар 1-13 ақпан аралығында болады. Жеңімпаз бір команданың төрт мәрте жеңіске жетуіне дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды