Хоккей: «Барыс» бүгін «Адмирал» командасымен кездеседі

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Аталған ойын бүгін, 8 қаңтарда елорда уақытымен 13:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін 29 мәрте кездесті. Оның 16-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде қырық cегіз ойыннан кейін 46 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 17-орында келеді. Ал, қырық жеті ойыннан кейін 55 ұпай жинаған «Адмирал» 11-орынға жайғасқан. Кейінгі он кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті. Айта кетсек, елордалық клуб аталған қарсыласымен 9 қаңтарда тағы бір мәрте кездеседі. Бұдан бұрын елордалық клуб «Амур» командасынан қатарынан екі рет жеңілді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды