ХОК олимпиадаға келетін қонақтар санын қысқартты

Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитеті Токио Олимпиадасында өте маңызды рөл ойнайтын тұлғаларға ғана аккредитация беру туралы шешім қабылдады.

Алматы, NEGE. Бұл Токио ойындарына келетін аккредитеттелген адамдар санын айтарлықтай қысқартады деп жазады Olympic.kz.  20 наурыз күні Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының шетелдік көрермендердің қатысуынсыз өтетіні ресми түрде хабарланды. Аталған отырыста жапон тарабы аккредиттелген қатысушылар санының аз болуын да талап еткен. Кейін Халықаралық Олимпиада комитеті ұлттық олимпиадалық комитеттермен және халықаралық спорт федерацияларымен ақылдаса келе, тек маңызды роль ойнайтын тұлғаларға ғана аккредитация беру туралы тоқтамға келді.  Сондай-ақ ХОК атқарушы комитеті аңызға айналған спортшылар мен басқа да бағдарламалар бойынша шақырылатын қонақтар тізімін азайтты.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты