ХОК Халықаралық бокс федерациясын 2024 жылғы Олимпиададан шеттетті

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2024 жылғы Олимпиадаға боксшылардың нақты қалай іріктелетінін әлі анықтаған жоқ, деп хабарлайды 'Р-Спорт'.

Алматы, NEGE. Іріктеу турнирлері Халықаралық бокс федерациясының (IBA) аясында өтпейді. Мұндай мәлімдемені баспасөз жиыны кезінде ХОК-тің спорттық директоры Кит Макконнелл айтты. 

2019 жылы ХОК IBA-ны (сол кезде AIBA) шеттеткен еді. Ол кезде аталған ұйым айтылған талаптарды орындамаған. Бірақ соған қарамастан Токиода бокс турнирі өтті. Оның ХОК-нің арнайы комиссиясы ұйымдастырды. 

"Парижде бокс жекпе-жектері IBA аясында өтейді. Іріктеу кезеңдері де. Боксшылар мен бокс әлеміндегі адамдардың мүддесі үшін Олимпиада мен іріктеу турнирлерін IBA өткізбейді", - деді Макконнелл.