ХҚКО-да автоқызмет уақытша тоқтатылды
Қазакстанда мамандандырылған ХҚКО-да автоқызмет уақытша тоқтатылды.
Алматы, NEGE. Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-ларда автоқызметтер уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
«ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жүйесінің істен шығуына байланысты Қазақстан бойынша мамандандырылған ХҚКО қызметтері қолжетімсіз. Бүгін мамандандырылған ХҚКО-ларда автоқызметтер сағат 12:00-ге дейін жұмыс істемейді», – делінген хабарламада. Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысындағы ақау 25 мамырда басталғаны хабарланған болатын. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі мәліметі бойынша, ІІМ ӘПК жүйесінегі ақау сағат 12:00-де басталған. «Мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтердің барлығы дерлік – автокөлікті тіркеу, айыппұлдар, жүргізуші куәлігін беру – солардың сервистері», – деді олар.