ХҚКО маңында ақшаға банкроттыққа өтініш беруге көмектесетіндер қаптап жүр

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының маңында ақшаға банкроттыққа өтініш беруге көмектесетіндер қаптап кетті, деп хабарлайды ҚМА.

Алматы, NEGE. Пысықайлар соттан тыс банкроттық жариялауға арызды жылдам беруге көмектесеміз деп қызметтерін ұсынуда. 

Ол үшін тиісті ақысын да сұрайды. 

Заң борышкердің төлем қабілеттілігін әртүрлі құралдар арқылы қалпына келтіруге мүмкіндігін қарастырады: соттан тыс банкроттық (қарызы 5,5 млн. теңгеден аспайтын), төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы.

Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей-ақ, электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ «e-Salyq Azamat» немесе «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады.