Химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланды

Швеция Корольдігінің Ғылым академиясы кезекті Нобель сыйлығын табыстады.

Алматы, NEGE. Бұл жолы химия саласы бойынша наградаға Дженнифер Дудна мен Эммануэль Шарпантье ие болды. Ғалымдар «Генетикалық қайшы» деп аталатын зерттеулері үшін беделді марапатқа лайық деп танылған. Француз және америкалық ғалымдар өсімдік, жануар және микроорганизмдердің геномын талдауға болатын әдіс ойлап тапқан. Бұл арқылы енді ДНК-дағы қажет емес фрагментті тауып, оны алып тастауға немесе басқасына ауыстыруға болады. Айта кетейік, тарихта алғаш рет химия саласы бойынша марапатты тек әйелдер алып отыр. Питер Бжезинский, Нобель комитетінің мүшесі: - Болашақ осы әдістің қолында. Қазір алғашқы зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша келесі зерттеулерді жүргізіп жатырмыз. Егер барлығы сәтті болса, кейбір ауруларды емдеп жазатын әдіс болады. Бұл бағыттағы жұмыстар әлем бойынша қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді