ХХФ әлем чемпионатын өткізбейтін болды

Халықаралық хоккей федерациясы қаңтар айындағы барлық жарыстарды өткізбейтін болды.

Алматы, NEGE. Олардың қатарында Қазақстан әйелдер командасы да қатысатын турнир бар деп хабарлайды Olympic.kz. 

Халықаралық ұйымның медициналық комитеті 2022 жылдың қаңтарына жоспарланған барлық бәсекені өткізбеу туралы ұсыныс айтқан.

Олардың қатарында 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты да бар. Аталған сынға Қазақстан командасы қатыспақ болғанын хабарлаймыз. 

Әйелдер бәсекесінен бөлек, екінші, үшінші дивизиондағы жастар арасындағы әлем біріншілігі де кейінге қалды. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр