ХЕҰ індеттің екінші толқынын болдырмауға шақырды

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) адамдар жұмыс орындарына оралған соң індеттің екінші толқынының орын алуын болдырмауға шақырды, деп хабарлады Біріккен Ұлттар ұйымының «БҰҰ жаңалықтары» ресми ақпараттық ресурсы.

Алматы, NEGE. «Карантин аяқталғасын және адамдар жұмыс орындарына оралған соң жұмыс берушілер оларды қажетті қорғаныс шараларымен қамтуы қажет, әйтпесе бәрімізді пандемияның екінші толқыны күтіп тұруы мүмкін», - деп ескертті ХЕҰ.
Ұйым сарапшылары індет кезінде жұмыс жасауға мәжбүр дәрігерлер мен басқа да жұмысшылардың қорғанысын қамтуға шақырды.
28 сәуірде жыл сайын Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтеді. Соған байланысты ХЕҰ үкімет пен барлық жұмыс берушілерді қазіргідей секілді оқшаулаудан кейін де коронавирус жұқтыру қаупін барынша төмендетуге шақырды.
ХЕҰ өз тарапынан карантин аяқталғаннан кейін жұмыстың қауіпсіз жандануын қамту бойынша бірқатар ұсыныстар берді:
- жұмысшылар, мердігерлер, клиенттер мен келушілер арасындағы қарым-қатынасты барынша төмендету;
- қажетті қашықтықтың сақталуын қамтамасыз ету;
- жұмыс орындарының тиісті желдетілуін қамтамасыз ету;
- жиі дымқыл шүберекпен тазалау, тазалық пен гигиенаны қамтамасыз ету;
- қол жуу және дезинфекциялау жағдайын қамту;
- қажет болса жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен тегін қамту;
- қызметкерлерді психологиялық қолдауды қамту.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?