Hertz компаниясы коронавирустың кесірінен банкротқа ұшырады
Әлемде көліктерді жалға берумен айналысатын Hertz компаниясы банкротқа ұшырады. Ірі бірлестіктің күйреуіне коронавирус пандемиясы әсер еткен.
Алматы, NEGE. Індеттен тұтынушылар қарасы күрт төмендеп, шығынға батқан. Қазір жиналған қарызды қайта құрылымдау ісі басталды. Дегенмен, компания кәсібін жалғастырып, халыққа қызмет көрсете беретінін мәлімдеді. Айта кетейік, Hertz компаниясы 1918 жылы құрылды. Ресми мәліметке қарағанда, компанияның осы күнге дейін әлем бойынша 12 мыңнан астам жалға беру орталығы мен 570 мыңға жуық көлігі болған.