Хасанбой Дусматов Дамир Әбдіқадірді қапы қалдырды

Болгария астанасында бокстан өтіп жатқан «Странджа кубогында» ерлер арасында қазақстандық Дамир Әбдіқадір күміс жүлдегер атанды.

Алматы, NEGE. 51 келі салмақта сынға түскен Дамир Әбдіқадір финалда 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы өзбестандық Хасанбой Дусматовқа жол берді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін аталған турнирде әйелдер арасындағы айқастарда Назым Қызайбай алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, Дина Жоламан күміске қол жеткізгенін жазған болатынбыз. Бұл халықаралық жарысқа 36 елден 450 боксшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Олимпиада, әлем және Еуропа чемпиондары да бар. Турнир 28 ақпанда мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды