Хасан Қасымбаевтың үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Апелляциялық сот Хасан Қасымбаевқа қатысты бірінші инстанция сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды. 

NEGE

Алматы, NEGE. 11 қарашада сот үкімімен Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сонымен қатар қалған 5 сотталушы: Руслан Әлиев – 8 жылға, Мадияр Қалымжанов – 9 жыл 6 ай, Сайлау Ақтанов – 8 жыл 6 ай, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков – 22 жылға, Данияр Асқаров – 8 жылға сотталды.

Айыпталушылардың қорғаушылары мен жақындары алғашқы сот үкімімен келіспей, күшін жоюды сұраған еді. Олар апелляциялық шағым түсірген. Бүгін үкімнің өзгеріссіз қалдырылғаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және оны адам ұрлады деген күдікке ілінген. Сонымен қатар оған 2016 жылы Аюпжан Тәжиевке қатысты оқиға бойынша да айып тағылған.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр