20 августа 2025 г. 20:32

Хасан Қасымбаевтың қылмыстық ісі бойынша тағы 5 адам айыпталып жатыр

Фото: NEGE

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр.

Алматы, NEGE. Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша іс қозғалған.

Іс бойынша Х.Қасымбаевтан басқа тағы 5 адам айыпталып жатыр. Олар: Руслан Алиев, Мадияр Қалимжанов, Сайлау Ақжанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров.

Сот отырысы журналистердің қатысуымен ашық өтуде. Алайда жәбірленуші тарап пен сотталушылар, соның ішінде Хасан Қасымбаев, өзін түсіруге тыйым салды.

Іс бойынша айыпталушылар мен олардың қорғаушылары прокурор Назгүл Тәукенбаеваға қарсылық танытып, оны шеттету туралы өтініш білдірді. Судья өтінішті қанағаттандырды. Өйткені, Назгүл Тәукенбай бұған дейін істі бірінші сатыдағы сотта қарауға қатысқан.

Келесі сот отырысы 22 тамыз, сағат 10.00-ге белгіленді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген. Қылмыстың 2021 жылдың 17 маусымында жасалғаны анықталды.