Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сотталушылар прокурорды шеттетуді сұрады

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр.

NEGE

Алматы, NEGE. Істі судья Айнагүл Тукубаева жүргізіп жатыр. Іс бойынша 6 адамға айып тағылған.

Сот отырысына прокурорлар Назгүл Тәукенбаева мен Ерлан Құланбаев қатысып жатыр. 

Сот отырысы барысында судья сот процессін бастауға тараптардың қарсылығы бар-жоғын сұрады. Сотталушылар іске прокурор Назгүл Тәукенбаеваның қатысуына қарсылық танытты. Қорғаушылар мен сотталушылардың айтуынша, Назгүл Тәукенбаева бұған дейін істі бірінші сатыдағы сотта қарауға қатысқан. Сот өтінішті қарау үшін үзіліс жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген. Қылмыстың 2021 жылдың 17 маусымында жасалғаны анықталды.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді