Хасан Қасымбаевтың сотындағы прокурор істен шеттетілді

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы сот процесінен тілшіміз хабарлады.

NEGE

Алматы, NEGE. Сот отырысында айыпталушылар мен олардың қорғаушылары прокурор Назгүл Тәукенбаеваға қарсылық танытып, оны шеттету туралы өтініш білдірді.

Судья Айнагүл Тукубаева өтінішті қарау үшін үзіліс жариялаған болатын. Мемлекеттік айыптаушы Назгүл Тәуекенбаева істі бірінші сатыда қарауға қатысқандықтан, судья қорғаушы мен сотталушылардың өтінішін қанағаттандырды.

Прокурор Назгүл Тәукенбаева сот залынан шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?