«Хуторские» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев екі айға қамалды

Талғарда «Хуторские» бандасының басшысы атанған Хасан Қасымбаев екі айға қамалды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Алматы облысының полиция департаментінің хабарлауынша, 4 қарашада Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Хасан Қасымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы арызды қарады.

Сот қаулысы бойынша, Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды.

2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаевтың уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болған еді. 

Белгілі болғандай, ол Шерзат Болаттың өліміне қатысты ұсталмаған. 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты