Харьковті қалпына келтіру жұмыстары басталды

Харьков қаласын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіле бастады.

Алматы, NEGE. Ресей әскері Харьковтан шегінгеннен кейін шаһарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Аймақ басшысы Игорь Тереховтың айтуынша, атыс-шабыстың салдарынан тұрғын үйлердің 30 проценті жермен жексен болған. Қазір инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін өңірге құрылысшылар мен арнайы техника тартылды. Мамандар апатты ғимараттарды жөндеуге кірісті. Қала мэрі жаңа құрылысты бастағанда барлық мектептер мен балабақшаларда, тұрғын үйлерде міндетті түрде бомбадан қорғанатын арнайы жертөле салынатынын ескертті. 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін