Харьковте метро станциялары қайтадан жұмысын бастады
Үш ай үзілістен кейін Харьков метросы жұмысын бастады.
Алматы, NEGE. 3 айлық үзілістен кейін Харьковте метро станциялары қайтадан жұмысын бастады. Пойыздар барлық бағыт бойынша қатынайды. Қозғалыс интервалы 30 минут. Шаһар басшысы Игорь Тереховтың айтуынша, жолаушылар саны артса, интервал да қысқарады. Айта кетейін, алғашқы аптада жол жүру тұрғындарға тегін болмақ. Бұдан бөлек азаматтар метро станцияларын әуе дабылы кезінде паналай алады.