Харьковте ірі базар атқыланды

Ресей әскері Украинаның шығысындағы Харьков қаласын тағы атқылап, шаһардың батыс бөлігіндегі «Барабашево» базары отқа оранды.

Алматы, NEGE. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпар жоқ. Ақпарат құралдары Еуропадағы ең ірі сауда орынының бірі болған бұл базар қақтығыс басталғалы жабылып қалғанын айтады. Өрт сөндірушілер жалынмен бірнеше сағат күресіп әзер сөндірді. Бір маман көз жұмған. Валентин, дүкен қожайыны: - Қою түтінді көріп, базар жанып жатқанын бірден түсіндім. Дүкеннен азық-түлік алайын деп келген едім. Қызыл жалынды көріп, абдырап қалдым.

Айта кетейік, Харьков – Украинаның шығысында Ресей шекарасына жақын жерде орналасақан қала. Қарулы қақтығыс басталғалы Ресей әскері шаһарды қоршауға алып, төпелеп атқылаумен келеді. Жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған адам үйлерін тастап бас сауғалауға мәжбүр болған.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді