Харьков қаласында мыңға жуық үйдің тас-талқаны шыққан

Бұл туралы шаһар мэрі Игорь Терехов хабарлады.

Алматы, NEGE. Оның баяндауынша, аймақта барлығы 1143 инфрақұрылым жермен жексен болды. Арасында 60-тан астам мектеп пен 8 аурухана бар. Ресей шекарасына жақын орналасқан Харьков – көлемі жағынан Украинаның Киевтен кейінгі екінші қаласы. Соғыс басталғанда онда 1 млн 400 мың адам тұратын. Ал Ресей әскері әлі күнге дейін шаһарды басып ала алмаған. Тек аймақты бомбалап, әуе шабуылдарын үдетіп жатыр. Атыс-шабыс кезінде тұрғындар көбінесе метрода жасырынады. Қазірдің өзінде жер асты жолында 15 мыңдай адам паналап жүр.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді