Харковь қаласынан қазақстандық 40 студент эвакуацияланады

Украинаның Харковь қаласынан қазақстандық 40 студентті эвакуациялау жұмысы жүріп жатыр.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев мәлім етті.«Харковьтен қазақстандық 40 студент хабарласты. Онда не болып жатқанын білесіз бе? Нағыз атыс-шабыс. Студенттер маған хабарласып, атыс жүріп, бомба жарылып жатыр, қорқынышты дейді. Оларды құтқарудың 2 амалы болды. Бірі сондағы консулдықтың жертөлесінде ұстай тұру, екінші жолы Харковьтен Львовқа поезбен жеткізу. Біз екінші жолды таңдадық, қазір студенттер вокзалда. Және Сумы қаласында 2 азаматымыз бар», – деді Дархан Кәлетаев.

Сондай-ақ, елші азаматтарды эвакуациялауда көлік бағасының өсіп кеткенін айтты. «Киевтен Польша шекарасына жеткізу үшін 15-20 мың доллар сұрайды. Бізде елшілікте ондай көлемдегі қаражат жоқ. Оның үстіне қаржы аударылымдары жұмыс істемейді», - дейді ол. Бұған дейін Дархан Кәлетаев Украина шекарасында қазақстандықтар мінген 4 автобустың кептелісте тұрғанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?

Калифорния тұрғындары Temu маркетплейсін сотқа берді