Харбиндегі қысқы Азия ойындары мәресіне жетті

Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылған IX қысқы Азия ойындары мәресіне жетті.

gov.kz

Алматы, NEGE. Биылғы ақ Азиадада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады.

Ел қоржынына алтын жүлдені биатлоннан жекелей сында өнер көрсеткен Владислав Киреев, фристайл-акробатикадан синхронды секіруден, шорт-тректен және хоккейден ерлер құрамасы салды.

Күміс жүлдені биатлоншы Вадим Куралас пен эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы, фристайл-акробатикадан аралас құрама, шаңғыдан Константин Бортцов пен әйелдер құрамасы, шорт-тректен әйелдер және аралас құрама, конькимен жүгіруден Евгений Кошкин және шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы жеңіп алды.

Ал конькимен жүгіруден әйелдер құрамасы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров, шаңғышы Олжас Климин, шаңғыдан ерлер құрамасы, фристайл-акробатикадан Аяна Жолдас пен әйелдер құрамасы және биатлоннан әйелдер құрамасы Азиаданың қола жүлдегері атанды.

Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының 137 атлеті 6 спорт түрінен 10 дисциплинада сынға түсті. Харбиндегі дүбірлі додада жалпы 9 елдің спортшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Айта кетейік, келесі қысқы Азия ойындары 2029 жылы Сауд Арабиясында өтеді.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған