Харбиндегі Азия ойындарында өнер көрсететін шорт-трекшілер белгілі болды

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын спортшылары белгілі болды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Бас бапкер Петр Гамидовтың айтуынша, Қытайда өнер көрсететін команда 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының және жаңа маусымның қорытындысы бойынша жасақталған.

Бұл спортшылар World Tour кезеңдерінде жарысқа қатысып, Азия ойындарына дайындық жүргізген.

Харбинде медальдар үшін таласатын шорт-трекшілер:

– Денис Никиша

– Абзал Әжғалиев

– Мерсаид Жақсыбаев

– Әділ Ғалиахметов

– Глеб Ивченко

– Айбек Насен

– Ольга Тихонова

– Яна Хан

– Малика Ермек

– Алина Әжғалиева

– Мадина Жанбусинова

– Зейнеп Құмарқан

Қазіргі уақытта ұлттық құрама Астана қаласында дайындық жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды